«Барса» жұлдызы Неймардың рекордын қайталады

«Барселона» жартылай қорғаушысы Рафинья Еуропаның топ-5 лигасындағы бір маусымда гол мен пас саны бойынша бразилиялықтар арасындағы Неймардың жетістігін қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рафиньяның осы маусымда 30 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді. Бұл жалпы 51 нәтижелі әрекет — Неймар 2015/16 жылғы маусымда дәл осы көрсеткішке жеткен болатын (31 гол, 20 пас).
Бір қызығы, бұл рейтингте үшінші орынды да Неймар иеленеді: ол 2017/18 жылғы маусымда ПСЖ сапында 44 нәтижелі әрекетпен көзге түскен (28 гол, 16 пас).
Рафинья әлі де бұл рекордтан асып түсуі мүмкін — алда Ла Лигадағы кемі алты матч, Чемпионлар лигасының жартылай финалы және Испания кубогының финалы бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или