Руслан Абдуллаев кәсіпқойдағы екінші жеңісін тіркеді

Руслан Абдуллаев кәсіпқойдағы екінші жеңісін тіркеді

Руслан Абдуллаев АҚШ-та өткен бокс кешінде филиппиндік Джино Родригомен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Руслан Абдуллаев пен Джино Родриго Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласындағы Front Wave аренасында кездесті. Жекпе-жек супер жеңіл салмақта сегіз раунд бойынша өтті.

Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы мансабын енді бастады. Бүгінге дейінгі жалғыз жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның қарсыласы филиппиндік Джино Родриго әлдеқайда тәжірибелі және кәсіпқойда 13 жеңіс, 4 жеңіліс және 2 тең нәтижесі бар.

Соған қарамастан Абдуллаев сегіз раундтың қорытындысы бойынша жеңіс тойлады. Барлық төрешілер Русланға басымдық берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или