Шомуродов Италия А сериясындағы матчтың үздігі атанды

Өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов Италия А сериясының 33-туры аясында өткен «Рома» мен «Верона» (1:0) кездесуінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шомуродов «Рома» cапында негізгі құрамда шығып, 4-минутта жеңіс голын соқты. 82-минутта өзбек ойыншысы ауыстырылды.
Жалпы осы маусымда Эльдор Шомуродов «Рома» сапында барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі уақытта римдік клуб 57 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орында тұр, бірақ үшінші орыннан айырмашылығы небәрі төрт ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или