Ресейлік клубтар Самородовты бақылауда ұстап отыр

Ресейлік клубтар Самородовты бақылауда ұстап отыр


«Локомотивтің» бұрынғы президенті Илья Геркус Максим Самородовтың РПЛ-дегі алдыңғы қатарлы клубтардың біріне ауысу ықтималдығына пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

— Ол «Ахмат» пен Қазақстан құрамасында жақсы ойнап жүр. Сол себепті амбициясы жоғары командаларға лайық деп ойлаймын. Мәселен, «Локомотив» осындай трансферге қызығушылық танытуы мүмкін. Ал «Зенитке» келсек – бір маусым РПЛ-де ойнау әлі де аздық етеді, – деді Геркус Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Самородов биыл «Ахмат» сапында 8 нәтижелі әрекет жасап үлгерді. Және оған Ресей Премьер-лигасының бірнеше клубы қызығушылық танытып отырғаны айтылуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или