«Ақтөбенің» бас бапкері «Тобылмен» ойында төрелікке наразылығын білдірді

«Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь Леонов Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Тоболдан» (0:2) жеңілген матчтан кейін пікір білдірді.
– Қиындау матч болды. Екі команда да жеңіске ойнады. Бірінші тайм соңында гол жіберіп алғанымыз – сәл сағымымызды сындырды. Екінші таймда ойынға қайта оралып, басымдық алдық, бірнеше мүмкіндігіміз болды, бірақ пайдалана алмадық. Ал «Тобол» өз сәтін мүлт жібермеді. Чесноковтың шеберлігі шешуші рөл атқарды — голы нағыз шедевр болды, – деді бапкер.
Ол ойын барысындағы өзгерісті алаң сапасымен байланыстырды: – Алғашқы таймда газонға үйренісіп кету қиын болды. Жақсы алаңда мүлде басқа ойын болар еді. Марио жарақат алып қалды, ауыстыруға тура келді. Екінші таймда жігіттер өз ойынын тауып, шабуылға шықты. Пенальти болуы мүмкін бірнеше сәт те болды, бірақ төреші VAR-ды да қараған жоқ…
– Төрешілер туралы айтқым келмейді, бірақ барлық ереже бұзулар бір жаққа ғана ысқырылды. Еш болмағанда 70/30 болсын, ал мынау – 100/0. Айтарым осы, төрешілер өз ар-ұятымен қалсын, – деді Игорь Леонов.