Алматыда өтіп жатқан турнирдегі жекпе-жек бірінші раундта аяқталды

Алматыда өтіп жатқан турнирдегі жекпе-жек бірінші раундта аяқталды

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 71 турнирі аясында жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстандық файтер Асадбек Саидов (4-0) сегізбұрышта Қырғызстан өкілі Тимур Таласбек уулумен (5-3) күш сынасты.

Жекпе-жек толық раундқа созылған жоқ – бірінші раундта-ақ Асадбек Саидов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта чемпиондық айқас өтеді. Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.

Ко-мейн ивентте өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) чемпиондық титулға бұрынғы үміткер қырғызстандық Арген Абдықадыр уулу (9-1) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или