Қазақстандық файтер кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Дәл қазір Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 71 турнирінде кезекті жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай жеңіл салмақта тәжікстандық файтер Бахтиер Тилаев (0-1) Қазақстан өкілі дебютант Дамир Рақымжановпен кездесті.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылмады – қазақстандық спортшы алғашқы раундта-ақ қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, дебютін жарқын жеңіспен бастады.
Турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта чемпиондық айқас өтеді. Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.
Ко-мейн ивентте өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) чемпиондық титулға бұрынғы үміткер қырғызстандық Арген Абдықадыр уулу (9-1) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink