Қазақстандық файтер ММА турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер ММА турнирінде  жеңіске жетті

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 71 турнирі аясында кештің үшінші жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта өзбекстандық Мансур Атаджонов (0-2) пен қазақстандық Азамат Түзелов (1-1) октагонда жолықты.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Үшінші раундта Түзелов қарсыласына партерде тыйым салынған тізе соққысын жасағанымен, айқас толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта чемпиондық айқас өтеді. Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.

Ко-мейн ивентте өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) чемпиондық титулға бұрынғы үміткер қырғызстандық Арген Абдықадыр уулу (9-1) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или