OCTAGON 71: жеңіліп көрмеген файтерлер Алматыда кім мықтыны анықтады

Алматыда басталған OCTAGON 71 турнирінде кештің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақта өзбекстандық файтер Фарход Кудратов (3-0) тәжікстандық Ахрор Мирзарахимовпен (3-0) кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Фарход Кудратовқа берді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта чемпиондық айқас өтеді. Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.
Ко-мейн ивентте өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) чемпиондық титулға бұрынғы үміткер қырғызстандық Арген Абдықадыр уулу (9-1) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink