Месси болашағынан үміт күттіретін топ-10 футболшыны атады

«Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси болашағынан зор үміт күттіретін 10 футболшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Give me Sport хабарлағандай, Месси өз тізіміне «Барселона» түлнгі Ламин Ямаль, «Ювентус» ойыншысы Кенан Йылдыз, «Филадельфия» үздігі Каван Салливан, АҚШ қыздар құрамасының шабуылшысы Джейден Шоу, «Лейпциг» жартылай қорғаушысы Антонио Нусу, «Ноттингем Форест» форварды Джоэль Ндалу, «Барселона» қыздар командасының жұлдызы Вики Лопес, «Лейпциг» ойыншысы Ассан Уэдраого және «Монако» үміті Элисса Бен-Сегираны қосты.
Айта кетейік, Месси 2023 жылдың жазынан бері «Интер Майамиде» өнер көрсетіп жүр. Ол барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 42 гол соқты және 21 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или