«Реалға» уақытша бас бапкер тағайындалуы мүмкін

«Реалға» уақытша бас бапкер тағайындалуы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» футбол жөніндегі директоры Сантьяго Солари клубты уақытша жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз хабарлағандай, Карло Анчелотти клубтар арасындағы әлем чемпионатына дейін бас бапкер қызметінен босатылса, Солари тізгін ұстауы мүмкін.

Солари бұған дейін 2018 жылы күзде бұл қызметті атқарған, ол сол кезде Хулен Лопетегидің орнын басқан. Бірақ бас жаттықтырушы қызметі аса жемісті бола қойған жоқ.

Мадридтік клуб Чемпиондар лигасының ширек финалында лондондық «Арсеналға» есе жіберіп, (0:3, 1:2) жарыс жолынан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или