Қазақстандық бапкер ресейлік клубта жұмыс істейді

Қазақстандық бапкер ресейлік клубта жұмыс істейді

«Химки» ФК жаттықтырушылар штабына қазақстандық дене шынықтыру маманы Ерлан Ибраим мен қақпашылар бапкері Александр Гутеев қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан бұған дейін алматылық «Қайрат», ресейлік «Сочи» және «Ахмат» командаларында жұмыс істеп, Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасын басқарған.

Гутеев «Химки» жастар командасының қақпашыларын дайындады. Ойыншы кезінде ресейлік ЦСКА, «Кубань», «Шинник» командаларында ойнап, кейін РПЛ-дың бірнеше клубтарында қақпашылармен жұмыс істеген.

24 турдан кейін «Химки» Ресей премьер-лигасының турнирлік кестесінде 13-орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или