Қазақстандық футболшы еуропалық команда сапында гол соқты

Қазақстан әйелдер құрамасының қорғаушысы Мария Демидова Беларусьтің «Минск» клубы сапында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Демидова Беларусь әйелдер лигасының бесінші туры аясындағы «Нафтан» командасымен өткен ойында көзге түсті. 38-минутта қазақстандық ойыншы бұрыштамадан келген пасты баспен қақпаға бағыттап, есепті 4:0-ге жеткізді.
Ойын «Минск» командасының ірі жеңісімен — 7:0 есебімен аяқталды. Мария Демидова 77-минутта алаңнан кетті. Қазіргі маусымда қазақстандық футболшы төрт матчта бір гол соқты.
«Минск» он ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или