Ресейдегі халықаралық турнирдің бүгінгі күн нәтижесі: төрт финал, төрт қола

Ресейдегі халықаралық турнирдің бүгінгі күн нәтижесі: төрт финал, төрт қола

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде бүгін 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған сегіз боксшының төртеуі финалға шықса, төртеуі қола медальді қанағат тұтты.

Сәкен Бибосынов (54 келі) жартылай финалда өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі Фариезбек Дусматовтан 5:0 есебімен басым түсті. Финалдағы қарсыласы —Денис Палшин (Ресей).

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қырғыз боксшысы Бақыт Токтасынуулыгы мерзімінен бұрын жеңді.

48 келі салмақта Теміртас Жүсіпов КХДР боксшысы Дай Ганкқа, 63.5 келі салмақта Жандос Қыдыралиев өзбекстандық Абдулло Мадаминовке және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалда ресейлік Игорь Козерезовқа жол берді. Осылайша үш боксшымыз жартылай финалда сүрініп, қола медаль еншіледі. 

Бұған дейін қыздар арасында Аружан Жаңабаева (66 келі) қола жүлдегер атанған болатын. Ол жартылай финалда қазақстандық боксшы Ұлдана Таубайға 4:1 есебімен жеңілді.

Ұлданадан бөлек тағы бір қызымыз Римма Волосенко да (60 келі) финалға жолдама алды. Римма өзбекстандық Рашида Тагированы 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или