Қазақстандық гимнастар әлем кубогы кезеңінде алтын және күміс медаль еншіледі

Қазақстандық гимнастар әлем кубогы кезеңінде алтын және күміс медаль еншіледі

Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің еркін жаттығу нәтижесі бойынша екі қазақстандық спортшы алтын және күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Милад Карими 14.466 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Ал күміс медаль 13.633 ұпай жинаған тағы бір қазақстандық атлет Алтынхан Темірбекке бұйырды. Қола медальді британдық Сэм Мастофи 13.600 ұпаймен жеңіп алды.

Финалда Қытай, Жапония және Түркия өкілдері де өнер көрсетті, бірақ бұл жолы олар үштікке ене алмады. Қазақстандық гимнасттар өз бағдарламаларын сенімді түрде өткізіп, бірқатар мықты бәсекелестерден озып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или