Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Австрияға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Австрияға есе жіберді

Венгрияда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден Австрия командасымен шешуші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде командалар тағы екі-екіден шайба соқты.

Алайда үшінші кезеңде қарсылас команда басымдық танытып, үш шайба соқты. Оған біздің жас хоккейшілер бір голмен жауап қайтарды.

Кездесу Австрия құрамасының пайдасына 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионы 20-26 сәуір аралығында Венгрияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или