Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турниріндегі жорығын аяқтады

Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турниріндегі үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U16) Минскіде өтіп жатқан УЕФА Даму турниріндегі соңғы ойынын Ресей құрамасына қарсы өткізді. Кездесу 0:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан U16 құрамасы топтағы үш матчтың екеуінде жеңіліп, турнирден шығып қалды. Турнир аясында өткен алғашқы матчта қазақстандық жасөспірімдер Беларусь құрамасын 3:2 есебімен жеңген еді. Ал екінші ойында Қытай U17 құрамасына 0:1 есебімен есе жіберді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или