«Барыстың» ресейлік легионері Қазақстан құрамасы қорғаушысының командасына қосылады

Шабуылшы Дамир Жафяров алдағы маусымаралық кезеңде «Торпедо» клубының алғашқы жаңа ойыншыларының бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Metaratings.ru мәліметінше, форвард қазіргі уақытта Нижний Новгород клубының назарында тұр. Осы маусымды Жафяров «Барыс» құрамында өткізді.
Жафяров — Мәскеу хоккей мектебінің түлегі, 2015 жылғы Ресей чемпионы, 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. КХЛ-де ЦСКА, «Сибирь», «Адмирал», СКА, «Ак Барс» және «Авангард» клубтарында ойнаған.
Еске сала кетейік, «Торпедо» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или