Лионель Месси Еуропаға оралу туралы сұраққа жауап берді

Аргентина ұлттық құрамасы мен «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Барселонаға» оралмайтынын айтт, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барселонаға» оралу мүмкіндігін қарастап көрдім. Бірақ ол енді мүмкін емес. Отбасымызбен бірге шешім қабылдадық. Сондай-ақ енді Еуропадағы басқа команда да ойнағым келмейтінін түсіндім.
Жылдар бойы Барселонада тұрып, кейін ат басын Парижге бұруға тура келді. Алайда өзімді ол жақта жаттығу кезінде де, былай да жайсыз сезіндім. Отбасыма да қолайлы болуы маңызды», – деді «Интер Майами» ойыншысы.
Лионель Месси Еуропада «Барселона» мен «ПСЖ-да» ойнаған еді. Айта кетейік, аргентиналық шабуылшы әлемде мүмкін болған барлық жүлдені жеңіп алған аңыз ойыншы.
Бұған дейін, америкалық МЛС чемпионатында өнер көрсететін шабуылшының «Барселонаға» оралуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.