Футбол. Даму кубогы: Қазақстан - Ресей матчының тікелей трансляциясы

Футбол. Даму кубогы: Қазақстан - Ресей матчының тікелей трансляциясы

18 сәуір, жұма күні Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан УЕФА даму турнирі аясында Қазақстан мен Ресейдің 16 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан U-16 - Ресей U-16 матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Қазақстан жастар құрамасы турнирдегі алғашқы матчында Беларусь командасын (3:2) ұтып, екінші ойында Қытай құрамасынан (0:1) жеңіліп қалды. Бірінші ойын күні Ресей құрамасы Қытайды (2:0) ұтып, одан кейін Беларусьтен (1:2) ұтылды.

Еске салайық, УЕФА дамыту турнирі 13-18 сәуір аралығында Минскіде өтуде.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или