Футбол. Еуропа лигасы: «Тоттенхэм» жартылай финалға жолдама алды

УЕФА Еуропа лигасының 1/4 финалындағы «Айнтрахт» пен «Тоттенхэм» арасындағы ойын аяқталды.
Ойын Германияның Франкфурт қаласындағы Frankfurt Arena стадионында өтті. Кездесуге италиялық Давиде Масса төрелік етті. Матч 1:0 есебімен ағылшындардың жеңісімен аяқталды.
«Тоттенхэм» 43-минутта есеп ашты. Команданың шабуылшысы Доминик Соланке пенальтиден гол соқты. Бірінші таймның соңында соғылған гол матчтағы жалғыз гол болып қалды.
Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы ойын тең есеппен (1:1) аяқталған болатын. Осылайша, «Тоттенхэм» екі матчтың қосындысындағы басымдықтың арқасында жартылай финалға қатысу құқығын алды. Еуропа лигасының 1/2 финалында «Тоттенхэм» «Буде-Глимт» пен «Лацио» кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или