Бивол жыл соңына дейін қайта шаршы алаңға шыққысы келеді

Бивол жыл соңына дейін қайта шаршы алаңға шыққысы келеді


Жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атанған Дмитрий Бивол биылғы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, келесі кездесу қараша немесе желтоқсан айларында өтуі мүмкін.

«Үмітім бар, бұл жылы жұдырықтасамын. Қараша не желтоқсанға жоспарлап отырмыз», – деді Бивол «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, ақпан айында Бивол Артур Бетербиевті жеңіп, барлық белбеуді біріктірді. Алайда сәуірде WBC оны міндетті қарсыласы — америкалық Давид Бенавидеспен жекпе-жекке шықпағаны үшін чемпиондық атағынан айырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или