Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден Венгрияда өтетін әлем чемпионатының алдында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Ұлттық құрама венгриялықтармен ойнады. Бірінші кезеңде-ақ есеп ашылды — Александр Симахин шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Артынша Леонид Шакенов есепті еселеп, Қазақстанның басымдығын нығайтты.

Екінші кезең 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Аристарх Киреев пен Бексұлтан Мақыш мергендік танытты. Үшінші кезеңде тағы екі гол соғылды. Бұл жолы Әлішер Сәркенов пен Святослав Евплов бір-бір шайбадан соқты.

Нәтижесінде матч 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (IA дивизионы) 20-26 сәуір аралығында өтеді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или