Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды

УЕФА баспасөз қызметі Чемпиондар лигасы матчтарының қорытындысы бойынша аптаның үздік ойыншысы атағына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жүлдеге үміткерлер: «Интердің» аргентиналық шабуылшысы Лаутаро Мартинес, дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Серу Гирасси, «ПСЖ» клубының франциялық вингері Усман Дембеле және «Арсеналдың» ағылшындық жартылай қорғаушысы Деклан Райс.
Мартинес «Интер» сапындағы алғашқы голын «Баварияға» қарсы ойында соқты (2:2), Гирасси «Барселонаға» қарсы ойында хет-трик жасады (3:1), Дембеле «Астон Вилламен» (2:3) матчта нәтижелі пас берді, Райс көшбасшылық қасиеттері мен қорғаныстағы ойынының арқасында УЕФА-ның «Реалға» қарсы ойында (2:1) үздік ойыншы деп танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или