Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамы белгілі болды

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамы белгілі болды

19-30 сәуір аралығында Амманда (Иордания) жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

World Boxing ұйымдастыруымен алғашқы Азия біріншілігіне 18 елден 400 спортшы қатысады деп күтілуде. 

2009-2010 жылы туылған спортшылар бақ сынайтын додада Қазақстан құрамасынан 13 боксшы қатысады:

  • 46 келі. Жұмағали Нұрмахан
  • 48 келі. Рүстем Сапархан
  • 50 келі. Халиф Расул
  • 52 келі. Темірали Темірбаев
  • 54 келі. Досжан Жұмахан
  • 57 келі. Азиз Дулат
  • 60 келі. Анвар Идрисов
  • 63 келі. Алдияр Баяндинов
  • 66 келі. Даниял Шалқарбай
  • 70 келі. Қуаныш Урумбасар
  • 75 келі. Санжар Матасов
  • 80 келі. Мұхамедали Рүстембек
  • +80 келі. Ринат Ерболұлы

Аға бапкер - Бағдат Оңғарбеков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или