«Қайрат» «Атырауды» айқын басымдықпен жеңді

«Қайрат» «Атырауды» айқын басымдықпен жеңді

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген төртінші тур матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, 4:0 есебімен жеңді.

Алаң иелері сапында Сәтпаев (1’), Тапалов (6’), Мартынович (50’), Жоржиньо (58’) сынды ойыншылар гол соқты.

Бұған дейін қос команда шілде айына жоспарланған 16-шы тур матчын өткізіп, ол кезде де «Қайрат» «Атырауды» 4:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Сондай-ақ, аталған матчта 10 ай бұрын ауыр жарақат алып қалған Әділет Садыбеков алаңға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или