Кевин Де Брюйне МЛС-те өнер көрсетуі мүмкін

Америкалық «Чикаго Файр» клубы Кевин Де Брюйнеге көз тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
МЛС-тің клубы жазда еркін агент атанатын бельгиялық футболшыны қатарына қосуға тырысып көрмек.
Фабрицио Романоның мәліметінше, Кевин алдағы апталарда барлық ұсынысты қарастырып, нақты шешім қабылдайды.
Бұған дейін жартылай қорғаушыға МЛС-тің тағы бір клубы «Интер Майами» де қызығушылық танытып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ ойыншыны саудиялық бірнеше клуб өз қатарында көргісі келеді. Кевин де өз кезегінде мансабының соңында ақша жасау үшін ол жаққа көшуді жөн санайтынын айтқан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или