«Мен сені зейнетке шығарамын»: Адамес қазақстандық боксшыға жауап берді

«Мен сені зейнетке шығарамын»: Адамес қазақстандық боксшыға жауап берді


Орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес дәл осы салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, қазақстандық күрзі жұдырық иесі Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына жауап берді. 

Бұған дейін Жәнібек келесі қарсылас ретінде Карлос Адаместі таңдап, онымен айқас өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын. Доминикан Республикасының боксшысы отандасымыздың бұл үндеуіне жауап қатты. 

– Жай ғана жекпе-жек ұйымдастыруда осынша қиындық туындайтынын бұрын-соңды білмеппін. Мен бұл жекпе-жекті жылдар бойы күтіп жүрмін, Жәнібектен басқа ешкім қажет емес деп айтып келемін. Сондықтан дайындал. Егер бұл кездесу өтетін болса, мен сені зейнетке шығарамын, - деді Карлос Адамес әлеуметтік желідегі жазбасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар WBC ұйымының гран-при турниріне қатысатынын жазған едік. 

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или