Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан соңғы матчта Словенияны ойсырата жеңді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан соңғы матчта Словенияны ойсырата жеңді


Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионы бойынша әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.

Бірінші кезең 1:0 есебімен біздің қыздардың пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер словениялықтардың қақпасына алты шайба соқты.

Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бірден гол алмасты, алайда кездесудің соңында қазақстандық хоккейшілер есепті 1:9-ға жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы IB дивизионындағы орнын сақтап қалды. Чемпионат Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или