Қазақстандық спортшы UFC президенті Дана Уайттың арнайы шақыруымен АҚШ-қа аттанады

Қазақстандық спортшы UFC президенті Дана Уайттың арнайы шақыруымен АҚШ-қа аттанады


Қазақстандық жауынгер, “Панда” лақап атымен танылған спортшы Нұрғиса Үмбетов (3-1), АҚШ визасын ресми түрде алды және жақын арада Лас-Вегасқа аттанады.

АҚШ еліне виза UFC президенті әрі Power Slap лигасының басшысы Дана Уайттың жеке шақыруының арқасында мүмкін болды.

Отандасымыз бұған дейін аралас жекпе-жек спортында кездесулер өткізген еді. Нұрғиса Үмбетов енді өз карьерасын Power Slap лигасында жалғастырады. Бұл шапалақтасу бойынша жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан ұйым. Қазақстандық спортшыны Дана Уайттың өзі шақыруы — Үмбетовтің мансабындағы маңызды сәттердің бірі болды. Ол лиганың жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі тізіміне енді.

Сәуір айының соңында Нұрғиса Лас-Вегаста өтетін ашық жаттығуға қатысады. Бұл шара оның АҚШ-тағы дебюті алдындағы маңызды қадам болмақ.

“Халықаралық аренада Қазақстанды таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жобаны бүкіл әлем тамашалап отыр. Өз мүмкіндігімді толық пайдалануға дайынмын”, – деді Үмбетов.

Айта кетейік, Үмбетов кәсіби мансабындағы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңілген. Бұған дейін ол БАӘ мен Ресейден ұсыныстар алған болатын.​


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или