Қазақстан және Әлем футболының аңыздары Астанада кездеседі

25 сәуір - Қазақстан футболы күніне орай елордадағы «Астана Арена» стадионында «1XLegends - Аңыздар ойыны» өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Жасыл алаңға әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары шығады.
Астана Аренада болатын ойынға Қазақстан аңыздары мен Әлем аңыздарынан кімдер келетіні белгілі болды!
Қазақстан аңыздары: Ұлан Қонысбаев, Азат Нұрғалиев, Алмат Бекбаев, Сергей Скорых, Александр Кучма, Ренат Абдулин, Қайрат Әшірбеков, Вячеслав Богатырев, Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, Самат Смаков, Елдос Ахметов, блогер Артур Асқарұлы.
Әлем аңыздары: Виктор Баия, Марко Матерацци, Хавьер Дзанетти, Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон, Джей-Джей Окоча, Димитар Бербатов, Сержиньо, Клод Макелеле, Халилу Фадига, Кларенс Зеедорф, Эстебан Камбьяссо, Гаиска Мендьета, Фернандо Морьентес.
Футбол мерекесі Орталық Азияда өтетін әлемдік турдың алғашқы ойыны болмақ.