UFC файтері Махачев - Топурия жекпе-жегінің жеңімпазын атады

UFC файтері Махачев - Топурия жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Америкалық UFC файтері Торрес Финни ресейлік Ислам Махачев пен грузиялық Илия Топурия арасындағы жеңіл салмақтағы ықтимал чемпиондық жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Махачев пен Топурия 29 маусымда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC турнирінде чемпиондық белбеу үшін күш сынасады деген ақпарат тараған еді.

«Ух, мен Топурияны жақсы көремін, Махачевті де жақсы көремін! Бұл – менің сүйікті екі спортшым! Жеңімпазды таңдау қиын. Себебі Топурия күресе біледі. Топурияның UFC-ге дейінгі жекпе-жектерін қараңыз. Ол жерде тек күресіп, тейкдаундар жасап жүрді. Күрес — оның басты қаруы. Уақыт өте келе ол соққы техникасын дамытты. Оның Исламды нокаутқа түсіретін күші бар. Сондай-ақ Махачевтің күресіне қарсы тұра алатын күші де бар. Мен Топурияға сенемін», — деді Финни Джеймс Линчке берген сұхбатында.

Ислам Махачев ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, 27 жеңіске жеткен. Ал Илия Топурия 16 жекпе-жекте 16 жеңіске қол жеткізген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или