UFC файтері Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

UFC файтері Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған америкалық Хоакин Бакли 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін, жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шавкатта чемпиондық белбеу үшін айқасуға екі рет мүмкіндігі болды, бірақ екеуінде де өзі бас тартты. Егер тығылып жүрсең, титулды жекпе-жек алмайсың. Егер чемпионмен жекпе-жек үшін емес, тек оралу үшін келсең – онда менімен төбелес», – деп жазды Бакли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Бакли кейінгі жекпе-жегін 14 желтоқсанда UFC on ESPN 63 турнирінде өткізіп, америкалық Колби Ковингтонды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или