Президент араласқан соң «Барыстың» жасөспірімдері Ресей чемпионатына қатысатын болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуынан кейін елордалық «Барыс» хоккей клубының жасөспірім командалары Ресей біріншілігіне қатысатын болды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
Желдібайдың айтуынша, Тоқаевқа жас хоккейшілердің ата-аналары хат жазып, клубтағы қаржылық қиындықтар мен ұйымдастыру мәселелері жасөспірімдер спортын тығырыққа тіреп тұрғанын айтып, көмек сұраған. Президент бұл жағдайды назарға алып, тиісті органдарға тапсырма берген.
Нәтижесінде, клубтың Ресей чемпионатына қатысуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ бұрынғы қарыздар мен міндеттемелер бюджет шығындарын оңтайландыру арқылы өтелген. Қаржылық ахуалдың нашарлауына себепкер болған лауазымды тұлғаларға шара қолданылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или