Аманда Нуньес UFC Даңқ залынан орын алатын болды

UFC ұйымы аралас жекпе-жек әлемінің аңыз тұлғасына айналған Аманда Нуньестің 2025 жылғы Даңқ залына енгізілетінін ресми түрде хабарлады. Ол «Қазіргі заман» қанаты бойынша танылған үшінші әйел спортшы болмақ. Салтанатты рәсім 26 маусымда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді.
UFC президенті Дана Уайт Нуньесті тарихтағы ең ұлы әйел спортшы деп атады. Ол 15 жылдық мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жетті. Ронда Раузи, Валентина Шевченко, Крис Сайборг секілді мықтыларды жеңген.
Аманда UFC-де алғашқы жекпе-жегін 2013 жылы өткізіп, 2015 пен 2021 жылдар аралығында қатарынан 12 мәрте жеңіске жетті. Оның тоғызында чемпиондық белбеу сарапқа салынған. Соңғы кездесуін 2023 жылы маусымда өткізіп, мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или