«Елімай» Семейге қашан оралатынын белгілі болды

«Елімай» Семейге қашан оралатынын белгілі болды


Абай облыстық футбол федерациясы вице-президенті Әділет Оралбеков «Елімай» командасының Семейдегі алаңға қашан оралатынын айтты. Бұл туралы ол SPORT+ арнасына берген сұхбатында айтты.

— Өткен жылы алаңды жақсы күттік. Маусым соңында шөпті сақтап қалу үшін оны арнайы матамен жауып тастадық. Бұл әдіс шөпті аяздан, қар мен жақын жердегі қазандықтан қорғауға көмектесті. Жақында стадионда толық тазалау жұмысы жүргізілді, төсеніш алынып тасталды, шөп аман. Қазір мамандар газонды қайта күтіп жатыр, — деді Оралбеков.

Оның айтуынша, егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, «Елімай» 4 мамырда Семейде өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или