Үш дүркін чемпион Алек Мартинес карьерасын аяқтады

«Чикаго» клубының қорғаушысы Алек Мартинес кәсіпқой мансабын аяқтауға шешім қабылдады. Бұл туралы Prosports.kz НХЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
37 жастағы америкалық ойыншы 16 маусым бойы ҰХЛ-де ойнағанын үлкен құрмет деп есептейтінін айтты. Ол өз мәлімдемесінде осы жолда қолдау білдірген адамдарға, бірге ойнаған командаластарына және өзі өнер көрсеткен клубтарға алғысын білдірді.
Мартинес 2024 жылы «Чикаго» сапына қосылды. Бұған дейін ол «Лос-Анджелес» пен «Вегас» клубтарында ойнаған. Үш мәрте Стэнли кубогын иеленген тәжірибелі қорғаушы биыл плей-оффқа өте алмаған «Чикаго» сапында соңғы маусымын өткізді. Команда 80 матчтың қорытындысы бойынша Батыс конференциясында 15-орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или