Хоккей. Қазақстан әлем чемпионатында кезекті рет жеңілді

Хоккей. Қазақстан әлем чемпионатында кезекті рет жеңілді

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында бірінші дивизионның В тобындағы екінші жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Британдық команданың голдарын Элли Уоллес (18-минут) пен Шамони Джексон (47-ші) соқты.

Осылайша, үш турдан кейін топтағы командалардың жағдайы былай: Италия – 9 ұпай, Латвия – 6 ұпай, Оңтүстік Корея – 5 ұпай, Ұлыбритания – 4 ұпай, Қазақстан – 3 ұпай, Словения – 0 ұпай. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или