Самородов гол соқты, «Ахмат» маңызды үш ұпай алды

Самородов гол соқты, «Ахмат» маңызды үш ұпай алды


12 сәуір күні Ресей Премьер-лигасының 24-турында «Ахмат» өз алаңында «Ростовпен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда есеп ашылмады, алайда екінші бөлікте  «Ахмат» шабуылды күшейтті.

Ойынның 47-минутында Надер Гандри стандарттан келген пасты ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Ал 67-минутта Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов жақсы позицияда допқа бірінші жетіп, есепті 2:0-ге жеткізді.

«Ростов» сегіз минуттан соң бір голмен жауап қатқанымен, есеп өзгерген жоқ. Осылайша «Ахмат» үш ұпай еншілеп, турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Бұл жеңіс командаға төменгі аймақтан шығуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или