500 миллион фунттан бас тартқан Салах «Ливерпульде» қалды

500 миллион фунттан бас тартқан Салах «Ливерпульде» қалды


Ағылшынның «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Мохамед Салах Сауд Арабиясынан түскен қомақты ұсынысқа қарамастан, мерсисайдтықтармен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы Prosports.kz Sport24 порталына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, 32 жастағы Салахтың алдында 500 миллион фунт стерлинг көлеміндегі ұсыныс болған. Алайда египеттік ойыншы ақшаға емес, клубқа адалдық танытып, «Энфилдте» қалуды жөн көрген.

Жаңа келісімшарт бойынша Мохамед жылына шамамен 20 миллион фунт алады. Шарт 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или