Қордайда туған файтер UFC-дің Бакудегі турниріне қатысады

Қордайда туған файтер UFC-дің Бакудегі турниріне қатысады


Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Әзербайжан спортшысы Рафаэль Физиев 21 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night 260 турнирінде октагонға шығады. Бұл туралы REDFURYMMA мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, Физиевтің қарсыласы — чилилік Игнасио Бахамондес болмақ. Бұл кездесу UFC тарихындағы Әзербайжанда өтетін алғашқы турнир аясында өтеді.

Рафаэль өзінің соңғы жекпе-жегін Джастин Гэйтжиге қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалған болатын. Қазіргі уақытта оның рекорды — 12 жеңіс, 4 жеңіліс.

Айта кетейік, Физиев Қазақстанның Жамбыл облысына қарасты Қордай ауылында дүниеге келген. Дегенмен UFC-де ол Әзербайжанның туының астында өнер көрсетеді. Сондықтан Бакудегі жекпе-жек – оның мансабындағы ғана емес, жанкүйерлері үшін де ерекше оқиға болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или