«Тұран» Кубокта «Атырауды» жолда қалдырды

Футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Тұран» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Туркестан төріндегі ойынның есебі ерте ашылды — 6-минутта бұрын «Атырау» сапында ойнаған беларусьтік Игорь Стасевич есепті ашты. Ал 31-минутта черногориялық Горан Милойко есепті 2:0-ге жеткізді.
Осылайша, «Тұран» жарысты жалғастырып, ширек финалға жолдама алды. Ал «Атырау» Кубокпен қош айтысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или