Илия Топурия Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу мерзімі туралы пікір білдірді

Илия Топурия Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу мерзімі туралы пікір білдірді

Жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Илия Топурия жеңіл салмақтағы промоушен чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу мерзімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған титулға үміткермен жекпе-жек өткізуге тура келмейді. Бірден белбеу үшін шайқасамын. Осы жазда, мүмкін, қыркүйекте өтеді деп үміттенемін. Нақты білмеймін, бірақ бұл болады. Бұл – чемпиондық белбеу сарапқа салынатын жекпе-жек және мен титулымды босатқан кезде UFC тарапынан дәл осындай уәде берілген. Егер ондай уәде болмағанда, мен бәрін басқаша жасайтын едім. Бірақ олар өз уәделерін орындайды», – деді Топурия PBD Podcast бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Топурия жартылай жеңіл салмақтағы титулынан бас тартып, жеңіл салмаққа өтіп, Ислам Махачевпен чемпиондық жекпе-жек өткізгісі келеді. Алайда Исламның пікірінше, Илия алдымен титулға үміткерлік жекпе-жек өткізуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или