Физиев Бакуде өтетін UFC турниріне қатысатынын мәлімдеді

Физиев Бакуде өтетін UFC турниріне қатысатынын мәлімдеді

Жеңіл салмақта (70 кг дейін) өнер көрсететін әзербайжандық UFC файтері Рафаэль Физиев 21 маусымда Бакуде өтетін турнирне қатысатынын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«21 маусым, Баку, Әзербайжан. Билеуге қарсылас бар. Кездескенше!» — деп жазды Рафаэль Физиев әлеуметтік желілерде.

Кейінгі жекпе-жегінде Физиев Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 313 турнирінде америкалық Джастин Гэтжимен кездесіп, үш раундтан кейін төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Гэтжимен реванштағы бұл сәтсәздәк Физиев үшін UFC-дегі төртінші жеңіліс болды. Бұған дейін ол ресейлік Магомед Мустафаевтан, Гэтжиден және жарақатына байланысты польшалық Матеуш Гамроттан жеңілген.

Еске салайық, Рафаэль – Қазақстанның Жамбыл облысындағы Қордай ауылында туған. Алайда Дана Уайттың лигасында ол бұған дейін алған Әзербайжан азаматтығының туы астында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или