Жазда «Реалдан» кетуі мүмкін ойыншылар белгілі болды

«Реал Мадрид» осы маусымдағы ойыны онша сәтті болмағандықтан, алдағы жазда құрамын жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
AS басылымының мәліметінше, маусым аяқталған соң командадан 33 жастағы оң қаптал қорғаушы Лукас Васкес кетеді. Оның орнын Трент Александер-Арнольд басуы мүмкін.
Сондай-ақ, испаниялық грандтан 32 жастағы қорғаушы Давид Алаба мен 39 жастағы жартылай қорғаушы Лука Модрич те кетуі ықтимал. Хорват ойыншысының клубпен келісімшарты алдағы жазда аяқталады, ал «Реал» оның келісімін ұзарту орынды ма, жоқ па — сенімсіз. Алабаның келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін күшінде болса да, «корольдік клуб» оның ауыр жарақатынан кейін бұрынғы жоғары деңгейде ойын көрсете алатынына күмәнмен қарап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или