«Жеңіс» сапына қазақстандық қақпашы қосылды

«Жеңіс» сапына қазақстандық қақпашы қосылды

Қазақстандық қақпашы Владислав Саенко «Жеңіс» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«24 жастағы қазақстандық қақпашы Владислав Саенко «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды!

Влад елордалық футбол мектебінің түлегі. «Астана» жастар командасының құрамында Екінші лигада және УЕФА Жастар лигасына қатысқан. Сондай-ақ «Ақжайық», «Қызыл-Жар» және «Екібастұз» сияқты командаларда ойнаған. Өткен маусымда «Атырау» сапында өнер көрсетті.

2023 жылғы маусымда Влад біздің командамыздың сапында ойнап, Қазақстан Бірінші лигасында 2 матч өткізуге үлгерді», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или