Милич Чурчич ҚПЛ клубының бас бапкері атанды

Сербиялық маман Милич Чурчич «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Милич Чурчич – «Қызылжардың» жаңа бас бапкері. Алайда ол бүгінгі кубоктық матчта ол жұмыс істемейді, өз міндетіне келесі аптада, командаға ресми түрде таныстырылған соң кіріседі», – деп жазды «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының төрт турынан кейін «Қызылжар» турнир кестесінде екі ұпаймен 11-орында тұр.
Еске салайық, сербиялық бапкер Қазақстанда «Атырау» және «Тобыл» клубтарындағы жұмыс істеген. Ол бұл клубтармен Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или