UFC 314 турниріне қатысатын файтерлердің қанша гонорар алатыны белгілі болды

UFC 314 турниріне қатысатын файтерлердің қанша гонорар алатыны белгілі болды

Жексенбі, 13 сәуірде Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 314 турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта промоушеннің бұрынғы чемпионы австралиялық Александр Волкановски Бразилия файтері Диего Лопеспен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы бос UFC титулы сарапқа салынады.

Алекс Волкановскийдің алатын гонорары 1 миллион доллар, ал жеңіске жеткен жағдайда БАҚ-тың хабарлауынша, бұл сома 2 миллион долларға жетуі мүмкін. Лопеске келсек, ол нәтижеге қарамастан 500 мың доллар алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или