Футзалдан Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнамда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кака шәкірттері Вьетнам құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 13 және 15 сәуірге жоспарланған.
Оқу-жаттығу жиынына мына ойыншылар қатысады:
Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»).
Алаңдағы ойыншылар: Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындықов, Иван Марахов (бәрі — «Аят»), Жахангир Рашит, Дамир Қайырбай (екеуі де — «Қайрат»), Ақжол Дәрібай, Ержан Карменов, Абдирасил Абдуманапұлы (бәрі — «Семей»), Альберт Ақбалықов, Сайфулла Қоспанов (екеуі де — «Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).
Жаттығу жиыны 16 сәуірде аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или