«Манчестер Сити» «Барселонаның» көшбасшысына көз тікті

«Манчестер Сити» «Барселона» вингері Рафинья Диасқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола Кевин Де Брюйне, Бернардо Силва және Фил Фоденнің осы маусымдағы ойынына риза емес. Сондықтан ол команданың шабуылын күшейту мақсатында каталониялық клубтың көшбасшысын сатып алғысы келеді.
Бірақ 28 жастағы Рафинья «Барселонадағы» жағдайына риза екенін айтып жүр, ол клубтың болашаққа құрған амбициялы жоспарларына сенеді.
Рафинья осы маусымда керемет өнер көрсетіп жүр. Барлық турнирде 45 матчқа қатысып, 28 гол соқты және 22 нәтижелі пас берді.
Мұндай тамаша көрсеткіштің арқасында Рафинья «Алтын допқа» басты үміткерлердің бірі атанып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или